Қазақстан үстімен ұшқан Ресей ұшағы апаттық сигнал берді

Әуе кемесінің бортында 189 адамға дейін болуы мүмкін

Қазақстан үстімен ұшқан Ресей ұшағы апаттық сигнал берді
Фото: stockphoto.com

Ресейдің S7 Airlines әуе компаниясына тиесілі Новосібірден Махачкалаға бағыт алған жолаушылар ұшағы Қазақстан аумағының үстімен ұшу кезінде апаттық сигнал берген. Осыдан кейін экипаж ұшу бағытын өзгертіп, Омбы қаласына қарай бет алған. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінің бортында 189 адамға дейін болуы мүмкін. Алайда жолаушылар мен экипаж мүшелерінің нақты саны әзірге нақтыланбаған.

Дабыл сигналының берілуіне не себеп болғаны және ұшақтың Омбы әуежайына қонған-қонбағаны туралы ресми ақпарат әзірге жоқ.