Астанада Kazakhstan Prevention Days – 2026 көрмесі өтті

Автор: Дәулет Ботагөз

Ауқымды шара Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі жарлығын іске асыру аясында ұйымдастырылды

Фото: Астана қаласы ПД

Елордадағы халықаралық Alem.AI орталығында «Kazakhstan Prevention Days – 2026»инновациялық жобалар көрмесі өтті. Ауқымды шара Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі жарлығын іске асыру аясында әрі Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес 17 қазанда ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көрменің басты мақсаты – құқық бұзушылықтың салдарымен күресуден гөрі, оның алдын алуға басымдық беретін заманауи қауіпсіздік экожүйесін қалыптастыру.

Іс-шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу жобалары, қылмыстың алдын алуға бағытталған инновациялық IT-шешімдер мен цифрлық жүйелер, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен заманауи технологиялық орталықтардың бірлескен әзірлемелері таныстырылды.

Шара қауіпсіз қоғамның жаңа заманауи келбетін паш етіп, саладағы озық цифрлық бастамаларды бір арнаға тоғыстырды.

Мемлекеттік органдар мен IT-сарапшылардың басын қосқан көрме еліміздегі профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға жаңа серпін бермек.