Бүгін, 16:34
Жаңалықтар
Жаңаарқада мас адам жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Тәртіп сақшылары тексеру кезінде Volkswagen Golf маркалы автокөлігінің жүргізушісін тоқтатып, медициналық куәландырудан өткізген
Фото: облыстық ПД
Ұлытау облысы Жаңаарқа кентінде полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында ішімдік ішіп, рөлге отырған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп сақшылары тексеру кезінде Volkswagen Golf маркалы автокөлігінің жүргізушісін тоқтатып, медициналық куәландырудан өткізді. Сараптама қорытындысы азаматтың ішімдік тұтынғанын толықтай растады.
Сот қаулысына сәйкес, жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды