Қостанай облысында екі шетелдік елден кететін болды

Құқық бұзушылықтар «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды

Қостанай облысында екі шетелдік елден кететін болды
Фото: облыстық ПД

Қостанай облысында миграциялық заңнаманы бұзған екі шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылатын болды. Мұндай шешімді полиция жинақтаған материалдарды қарағаннан кейін сот қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқық бұзушылықтар «Қауіпсіз үй» және «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында анықталды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі шетелдік азамат Қазақстанда тіркелу тәртібін бұзып, арнайы рұқсат құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Сот шешімімен олар ел аумағынан шығарылды. Заңнама талаптарын елемеген тағы екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен олардың әрқайсысына 75 687 теңге көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 151 374 теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары облыс аумағында миграциялық бақылауды күшейту және заңсыз көші-қонның алдын алу бағытындағы рейдтерді әрі қарай жалғастырады.