Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді
Ақтөбе қаласында түнде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, тілсіз жауды жедел ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше оқиға Ақтөбедегі Станционная көшесінде орналасқан үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған. Бірінші қабаттағы қойма бөлмесінен шыққан өрт са салдарынан үй ішін қою түтін басты. Шақырту бойынша жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 5 адамды құтқарған. Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында өрт 10 шаршы метраумақта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.