Дереккөздің хабарлауынша, қайғылы оқиға Іле өзенінде болған
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов жазатайым оқиғадан қайтыс болды. Ол Алматы облысындағы Миялы ауылы тұсында Іле өзеніне батып кеткен. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Серікбай Алдабергенұлы Төлепбергенов 1967 жылы қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген.
Әр жылдары Шымкент қалалық сотының, Қазығұрт аудандық сотының төрағасы болған.
2017 жылдың маусымынан бастап Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы болды.