Бүгін, 14:10
Жаңалықтар
Көкшетауда монша кешені өртеніп кетті
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ
Фото: ТЖМ
Көкшетау қаласында түнде монша кешендерінің бірінде тілсіз жау шықты. Шақыру орнына жеткен ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері өртті жедел ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел барлау жүргізіп, қызыл жалынның одан әрі таралуына жол берген жоқ. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 30 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды