Алматыда полицейлерден қашқан күдікті ұсталды

Тәртіп сақшыларын байқаған азамат бірден қаша жөнелген

Алматыда полицейлерден қашқан күдікті ұсталды
Фото: Алматы қаласының ПД

Алматыда тәртіп сақшыларын көріп абыржыған азамат бой тасаламақ болды. Түрксіб ауданында болған оқиға кезінде күдікті өзімен бірге алып жүрген есірткі затынан құтылуға тырысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Патрульдік полицияның «Буран-811» экипажы Үлкен Алматы каналының жанындағы саябақта жоспарлы қызмет атқарып жүрген. Сол маңда жүрген ер адамның оғаш әрекеті мен мазасыздануы полицейлердің назарын аудартқан.

Тәртіп сақшыларын байқаған азамат бірден қаша жөнелген. Мұны көрген патрульдік полиция қызметкерлері оның жолын бөгеп, жедел түрде қолға түсірді.

Қашу сәтінде күдікті қолындағы затты лақтырып үлгерген. Алдын ала тексеру барысында ол пакетте майлы зат болғанын анықтады. Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген сұйықтық каннабис майы болуы мүмкін.

Заттың нақты құрамы мен сойқандығы соты-химиялық сараптамадан кейін белгілі болады.

Оқиға орнына Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған зат заң талаптарына сай тәркіленді.

Ұсталған азамат – Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны. Өз сөзінде ол шаһардағы құрылыс нысандарының бірінде уақытша жұмыс істейтінін жеткізді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тәркіленген заттың шығу тегін, құрамын және оның тыйым салынған есірткі заттарының тізіміне жататынын анықтау бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.