Оқиға Тұран даңғылы бойында кешкі сағат 21:00 шамасында болған
Елордада Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері түнгі рейд кезінде өзгенің куәлігін пайдаланып, тәртіп сақшыларын алдауға тырысқан мопед жүргізушісін қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Тұран даңғылы бойында кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатында мопедті тоқтатқан.
Құжаттарды тексеру барысында 19 жастағы азамат полиция қызметкерлеріне өзге адамға тиесілі жүргізуші куәлігін ұсынып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан. Мұқият тексеріс нәтижесінде азаматтың мүлдем көлік басқару құқығы жоқ екені белгілі болды.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, басқару құқығынсыз айдалған мопедті арнайы коммуналдық айып тұрағына қойды.
Елордалық полиция жүргізушілерді көлік басқаруға қажетті құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.