Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы жерлерде қар, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында күн райы ашық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
мәліметінше, елімізде тұман түседі, шығыста көктайғақ орнайды. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-7 градус аяз болады.
Ауа температурасы:
- Батыста: күндіз температура +18…+25°C болады.
- Солтүстік-батыста: түнде 0…+5 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін, күндіз +13…+18 °C-тан +15…+20°C-қа дейін аздап құбылады.
- Солтүстікте: түнде 0…+5 °C-тан -1…-6°C-қа дейін, күндіз +6…+12 °C-тан +12…+17°C-қа дейін аздап өзгереді.
- Орталықта: күндіз негізінен +10…+20°C болады.
- Шығыста: түнде 0…+5 °C-тан -1…-6°C-қа дейін аздап құбылады. Күндіз +3…+12°C, таулы аудандарда -2 °C болады.
- Оңтүстікте: түнде +2…+7 °C, күндіз +18…+25°C болады.
- Оңтүстік-шығыста: күндіз +10…+18 °C, таулы аудандарда +3…+8°C болады.