Алғашқы аяз түсті: Қатонқарағайдың тауларына қалың қар жауа бастады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Үш күн бойы облыста күн суытады

Фото: скриншот

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында қазан айының дәл ортасында қар жауды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қатонқарағай ауданының тұрғындары тау бөктерлеріне біраз қар жауғанын айтып, видео таратқан.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, 15 қазаннан бастап үш күн бойы Қазақстанның кейбір өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді. Соның ішінде, еліміздің шығысында түнде 11 градусқа дейін аяз түсетіні хабарланған еді.