Астанада көшеде кетіп бара жатқан бойжеткенге ерсі іс жасап, бөксесінен ұрған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды

Фото: Видеодан скрин

Астанада көшеде кетіп бар жатқан бейтаныс бойжеткеннің ізінен қуып, бөксесінен ұрып кеткен ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның арсыз ісі туралы қыз баладан арыз түскен.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алдын ала анықталғандай, ол көшеде қыздың соңынан аңдып, ғимаратқа кіреберісте оған қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған. Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс жүріп жатыр. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.