Тоқаев Еревандағы саммиттің ашылу рәсіміне қатысты

Автор: Алмас Ерсін

Ереванда өткен саммитте биоалуантүрлілікті сақтау және планетаның табиғи мұрасын қорғау мәселелеріне назар аударылды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен бірге COP17 саммиті қарсаңында өткен биоалуантүрлілік мәселелері жөніндегі көшбасшылар саммитінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Салтанатты ашылу рәсімі Еревандағы Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінде өтті.

Салтанатты рәсім аясында мәртебелі қонақтарға биоалуантүрлілікті сақтаудың және ғаламшардың табиғи мұрасына ұқыпты қараудың жаһандық маңызын айшықтайтын әсерлі интерактивті шоу ұсынылды.