«Өрт дабылы»: Астана әуежайы шұғыл хабарлама жариялады

Автор: Асыл Арман

Бүгін сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыс жүргізіледі

Фото: әуежайдың баспасөзі қызметі

Астана әуежайы өрт қауіпсіздігіне байланысты шұғыл хабарлама жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, бүгін сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін Астана халықаралық әуежайының 2-терминалында (T2) өрт дабылы жүйесіне қатысты жоспарлы техникалық жұмыс жүргізіледі.

«Осы уақыт аралығында өрт дабылының қысқа мерзімге қосылуы мүмкін. Жолаушылардан және әуежай қызметкерлерінен түсіністікпен қарауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.