Депутаттар тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, үшінші оқылымда қабылдады
Қазақстанда мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған жаңа мемлекеттік наградалар енгізіледі. Құрылтай депутаттары тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, үшінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заңда отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытудағы жемісті қызметі және ерекше еңбегі үшін марапаттауға арналған «Шәмші Қалдаяқов» медалін тағайындау қарастырылған.
Сонымен қатар, бейнелеу өнеріндегі үздік туындыларымен ерекшеленген және отандық көркем мәдениетті дамытуға ерекше еңбек сіңірген қайраткерлер үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы енгізіледі.