Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр
Алматыда Республикалық физика-математикалық мектептің 48 оқушысы астан уланып, ауруханаға түскен. Осыған байланысты қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері осыған байланысты тергеу жүргізіп жатыр.
«Бұл жағдай бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің тексеру қорытындысы негізінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тиісті процестік шешім қабылданады», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектептің 48 оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға түсті. Әуел баста 47 баланың ауруханаға жатқаны хабарланғанмен, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы бүгін тағы бір баланың ауруханаға түскенін мәлімдеді.