Тоқаев Бельгияның королі мен патшайымын Астана әуежайынан шығарып салды: олар Алматыға жол тартты

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Корольдік отбасының мемлекеттік сапары бүгін Алматыда жалғасады», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның королі мен патшайымының тұңғыш сапары үшін жұмыс кестесіне өзгеріс енгізген.