Ал Жетісу, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген
Қазақстанда құрылыс қарқыны 11,5%-ға артты. Өсім елдің 17 өңірінде тіркелген. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрылыс жұмыстарының ең жоғары өсімі Ұлытау, Қызылорда, Атырау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалған.
Ал Жетісу, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген.
«Сонымен қатар, елде тұрғын үй құрылысы да жалғасып жатыр. Биыл 13,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға көп. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші Алматы, Маңғыстау, Павлодар және Жетісу облыстарында жоғары болған», - деді министр.