Жоба Құқықтық актілер тізбесінің 81-тармағына сәйкес әзірленді
Қазақстанға уақытша келген шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру тәртібі өзгеретін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоба Құқықтық актілер тізбесінің 81-тармағына сәйкес әзірленді. Бұл шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беру немесе ондағы мәліметтерді өзгерту барысында Қазақстанда заңды түрде жүргенін тексеруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бұл мемлекеттік қызмет алу кезінде қолданылатын мәліметтердің дұрыстығын да арттырады.
«Бұл жобаның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыда ешқандай салдары жоқ», – делінген Ашық НҚА хабарламасында.