Енді еліміздегі КВИ жұқтырғандар саны бірден 110 мыңға жуықтады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда COVID-19 вирусы анықталмаған, бірақ пневмонияға шалдыққан науқастар мен коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың статистикасын қосып есептей бастады.
Енді коронавирус белгілері бар, алайда, ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен пневмонияға шалдыққан науқастар да КВИ жұқтырғандармен бірге есептеледі. ДДСҰ-ның ресми сайтында осындай мәлімет келтірілген.
Ұйым сайтында соңғы тәуліктің мәліметтері жаңарған жоқ. Сондықтан Қазақстанда КВИ-мен ауырғандар саны 105,5 мың деп көрсетілген. Ал, еліміздегі ведомствоаралық комиссия 7 тамызда Қазақстанда 907 адамнан коронавирус анықталса, 1102 адам пневмониямен ауырып жатыр деген мәлімет келтірді. Яғни, елімізде вирус жұқтырғандар саны 109 939 адамды құрап отыр.