Қазақтың танымал ақыны өмірден озды

Автор: Махан Миражан

56 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Фото: Қазақстан жазушылар одағы

Белгілі ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жанна Елеусіз – қазақ поэзиясында өзіндік сыршыл қолтаңбасы бар, лирик ақын және журналист. 1970 жылы 22 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Әдеби ортада өзін көп көрсетпейтін, жұмбақ әрі тұйық мінезімен танымал ақынның «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары жарық көрген. Оның терең философиялық, мұңды және нәзік иірімдерге толы өлеңдері оқырман қауым мен әдебиетшілер тарапынан «ақсүйек поэзия» деп жоғары бағаланған. 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына арналған мүшәйрада жүлдегер атанған.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы хабарлап, марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтты.