Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустық пневмониядан 17 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған ауруды жұқтырған 1102 адам тіркелген

Фото ашық дереккөзден

Елімізде 7 тамыздағы мәліметтер бойынша коронавирус белгілері бар пневмониядан 17 адам көз жұмды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1102 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді», - делінген аталған хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 12 110, 137 өлім жағдайы тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.