Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын әуежайдан күтіп алды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Мәртебелі меймандар Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін Король мен Патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.

Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.