Қазіргі уақытта полиция іске қатысы бар барлық адамның әрекетіне құқықтық баға беруде
Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрғындар қоқыс жәшігінен атыс қаруын тауып алды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Наурызбай аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізіп, мылтықтың қоқыс арасына қалай түскенін анықтады. Тіркелген қару Астана тұрғынына тиесілі болып шықты. Ол мылтықты Алматыдағы жеке қоймасында сақтаған. Кейін қойманы иесінің күйеу баласы сатып жіберген. Ал жаңа қожайындар ғимаратты тазалау кезінде мылтықты байқамай, қоқысқа тастаған.
Қазіргі уақытта полиция іске қатысы бар барлық адамның әрекетіне құқықтық баға беруде.
Қаруды тиісті деңгейде сақтамаған астаналық иесінің де, оны қоқысқа тастаған жаңа қожайындардың да жауапкершілігі қарастырылуда.