Зауыт аумағындағы арнайы шұңқырда 50 шаршы метр аумақты шарпыған жалын анықталған
Ұлытау облысына қарасты Сәтбаев қаласындағы өндіріс аумағында төтенше жағдай тіркелді. ТЖМ өрт сөндірушілері асфальт зауытында тұтанған өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сәтбаев қаласындағы асфальт зауыттарының бірінде битум жанып кеткен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері шұғыл жетті.
Құтқарушылардың мәліметінше, зауыт аумағындағы арнайы шұңқырда 50 шаршы метраумақты шарпыған жалын анықталған.
Өртті сөндіру үшін арнайы өрт оқпандары қолданылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.