Патрульдік полиция қызметкерлері рейд жүргізді
Атырау облысында демалыс күндері жүргізілген рейд кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқарған төрт жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мәселен, 10 қазан күні шамамен сағат 02:00-де Берғалиев көшесінде 41 жастағы ер адам тізгіндеген Lexus автокөлігі тоқтатылды. Тағы бір жағдай сағат 01:10-да Қ.Ғаббасов көшелерінің қиылысында тіркелді: онда Renault Laguna көлігін мас күйде басқарған 22 жастағы жүргізуші ұсталды.
Құқық бұзушылардың барлығы медициналық куәландырудан өтті. Олардың көліктері арнайы тұраққа жеткізіліп, жүргізушілерге қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция көлікті мас күйінде басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.