Бұған дейін президент Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босатқан болатын
Саят Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Саят Исанов — тәжірибелі әскери қызметші. Ол бұған дейін осы құрылымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған, әскери атағы — подполковник.
Еске сала кетсек, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босатқан болатын. Сондай-ақ жаңа қорғаныс министрі еліміздің қарулы күштерінде алдағы уақытта қандай өзгерістер болатынын мәлімдеген еді.