Сенбі күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады
8 тамыз күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл, Түркістан, Атырау, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.