Бағдарлама сайлауалды бағдарламадағы уәделердің қалай орындалып жатқанын баяндайды
«ASTANA TV» телеарнасында ауқымды арнайы жоба басталды. «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін!» сайлауалды бағдарламасының іске асырылуына арналған «ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» жаңа ақпараттық-сараптамалық бағдарлама көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Astana TV арнасына сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, «ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» - сайлауалды бағдарламаның сандық нәтижесі. Бұл сандардың артында нақты міндет пен жұмыс бағыттары тұр, ал жоба авторлары оларды кейіпкерлердің шынайы оқиғалары, сарапшылардың пікірі және қабылданған шешімдердің нәтижесі арқылы ашып көрсетеді.
Жоба саяси уәделердің қалайша нақты шешімдерге айналып, қазақстандықтардың өміріндегі оң өзгерістерге ұласатынын баяндайды.
«Басты назарда - халықты жұмыспен қамту және табыс деңгейі, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, бизнесті қолдау, ауыл мен өңірлерді дамыту мәселелері. Сондай-ақ жоба цифрландыру және жасанды интеллект, инфрақұрылым, экология мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру тақырыптарын қамтиды», - деп хабарлайды жоба авторлары.
Айта кетейік, бағдарламаға сұхбат беретін негізгі спикерлер «Әділет» партиясынан сайланған Құрылтай депутаттары, жоба кейіпкерлері және бағдарлама тақырыбына байланысты түрлі сала мамандары болмақ. Талқылауға тәуелсіз сарапшылар, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және партияның сайлауалды бағдарламасын орындауға жауапты мемлекеттік орган басшылары да үн қосады.
«ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ» арнайы жобасы аясында көрерменге адамдардың жеке тәжірибесі, сарапшылардың бағасы мен нақты нәтижелер арқылы ашатын дербес сюжет ұсынылады.
Жалпы, қазақстандықтар «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін!» сайлауалды бағдарламасын мына сілтеме арқылы толық оқи алады.