ҚТЖ қызметкері қоластындағыларды үйін салуға жұмсаған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жұмысынан қуылды

Фото: ашық дереккөзден

Қоластындағы теміржолшыларды өз үйін салуға жұмсаған ҚТЖ қызметкері жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңаарқа дистанциясының байланыс және сигналдау басшысы Нұрхан Көбдіков карантин кезінде өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдаланып,  қызметкерлерін өз үйінің құрылыс жұмыстарына жұмсаған. Қызметкердің бұл әрекеті «ҚТЖ»ҰК» АҚ корпоратив құндылықтарына, іскерлік этика кодексіне және басқа да ішкі нормативтік құжаттарға қайшы. Сондықтан 2020 жылғы 7 тамызда Нұрхан Көбдіков жұмыстан шығарылды», - делінген хабарламада.

Тегтер: