Шымкентте сушиге тапсырыс берген бір отбасы уланып, ауруханаға түсті
Мамандардың айтуынша жыл басынан бері қалада осындай бес жағдай тіркелген
Шымкентте сушиге тапсырыс берген бір отбасы уланып, ішек инфекциясымен ауруханаға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері қалада осындай бес жағдай тіркелген.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға бірнеше себеп болуы мүмкін. Олар – жеке гигиенаның, температуралық режимнің сақталмауы, азық-түлікті дұрыс сақтамау және алдын ала дайындалған тағамды пайдалану.
«Олардың бәрі үй жағдайында дайындалған сушиге тапсырыс берген. Соның нәтижесінде жіті ішек инфекциясымен ауырған адамдар тіркелді», – деді Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.