7 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі?

Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ және екпінді жел күтіледі

7 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі?
Фото: istockphoto.com

7 қазанда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде жауын-шашын, тұман және екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ пен төменгі бұрқасын болжанады, ал қалаларда ауа температурасы -3-тен +23 градусқа дейін құбылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде −1...-3°C, күндіз +10...+12°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +15...+17°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +18...+20°C.

Ақтөбеде бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +15...+17°C.

Ақтауда бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +19...+21°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +21...+23°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +13...+15°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Жолдарда көктайғақ болады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +8...+10°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, түнде қар, төменгі бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +8...+10°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде −1...-3°C, күндіз +10...+12°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, тұман болады. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +16...+18°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +20...+22°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде −1...-3°C, күндіз +6...+8°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, төменгі бұрқасын, көктайғақ болады. Екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +8...+10°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр, екпінді жел. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +8...+10°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +15...+17°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +17...+19°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +19...+21°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +17...+19°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр, екпінді жел. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +6...+8°C.