Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы бірлескен инвестициялық құрылым (қор) құру туралы келісім;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы Blue City Rixos бірлескен жобасы шеңберіндегі негізгі шарттар туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Оман Сұлтандығы Қаржы министрлігі арасындағы қаржы саласы бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Атамекен» ҰКП мен Оман Сұлтандығы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Қазақстан-Оман іскерлік кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы келісім;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен OQ Exploration & Production компаниясы арасындағы геологиялық барлау саласы бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
- Еуразиялық даму банкі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы Еуразиялық даму банкінің Оман Сұлтандығында қызмет ету шарттары туралы келісім.