Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталды
Елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
«Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталды.