112 қызметі астаналықтарға ескерту жасады
Астанада биылғы маусымда қазан айында алғаш рет қар жауды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі қала тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасаған.
«Астанада 05.10 күні желдің ұйытқуы, жаңбыр, қар жауады», – делінген 112 қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар қалада жаңбыр, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауатыны хабарланды.