Жылыту маусымы: ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Тұрғындарға электр және жылыту құралдарын қолдануда сақ болу ескертілді

Жылыту маусымы: ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

ТЖМ тұрғындарды күзгі кезеңде және жылыту маусымында электр және жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство ақаулы электр құрылғыларын пайдаланбауға, электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеуге және жылыту құралдарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

ТЖМ бұл талаптарды сақтау адамдарды ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға көмектесетінін атап өтті. Өрттің алдын алу үшін әркім қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауы қажет.