Мемлекет басшысы ЖИ және цифрландыру саласындағы жобалармен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды
Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды.
Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.
Бұдан бөлек, көрме қонақтары «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfield.ai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамыту жоспарымен танысты.
Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.