Тоқаев Нигерия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады.

«Қазақстан президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті,», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.