Қазір марқұмның туыстарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында құрылыста жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиғаны Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.
«Сыртқы істер министрлігі Сеулдегі құрылыс алаңында орын алған жазатайым оқиға нәтижесінде Қазақстан азаматының қайтыс болғанын растайды. Бұл оқиғаға байланысты Корея Республикасының тиісті органдары тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», – делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға EPS жүйесі арқылы қалай жұмысқа орналаса алатыны хабарланған.