Синоптиктердің болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» мәліметінше, 1-3 қазан күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жаңбыр жауады, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді.
Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді.
«Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының негізгі фоны +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады», – делінген синоптиктер болжамында.