Бортта 174 жолаушы, оның ішінде 27 бала болғаны белгілі болды
Израильге ұшып бара жатқан FlyDubai ұшағы дабыл белгісін берді, бортта екі ұшқыш арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Дубайдан Тель-Авивке ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы әуелі халықаралық төтенше жағдай белгісі саналатын 7700 кодын, кейін ұшақты басып алу немесе оның жұмысына заңсыз араласу жағдайын білдіретін 7500 кодын жіберген. Экипажбен байланыс үзілген, ал ұшақ бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясы жағына қарай ұшқан. Бортта 174 жолаушы, оның ішінде 27 бала болғаны белгілі болды.
Израиль билігі қауіпсіздік мәселелеріне қатысты шұғыл кеңес өткізу туралы шешім қабылдап, әуеге екі жойғыш ұшақ көтерді. Алайда кейін БАҚ төтенше жағдай белгісінің берілуіне ресейлік және украиналық ұшқыштар арасындағы төбелес себеп болғанын хабарлады. Өз кезегінде FlyDubai әуе компаниясы бұл ақпаратты растап, «қауіпсіздікке қатысты оқиға болмағанын» мәлімдеді.
Ynet мәліметінше, қазір ұшақ Табук әуежайына аман-есен қонған.