Елдің оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, ал бірқатар өңірде түнде үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +27 градусқа дейін көтеріледі
Қазақстанда 30 қыркүйекте күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Алайда елдің оңтүстігі мен батысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде жекелеген қалаларда ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендесе, күндіз +27 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 °C, күндіз +19...+21 °C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11 °C, күндіз +22...+24 °C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 °C, күндіз +22...+24 °C.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +18...+20 °C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты. Түнде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13...+15 °C, күндіз +24...+26 °C.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10 °C, күндіз +23...+25 °C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7...+9 °C, күндіз +17...+19 °C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +19...+21 °C болады. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Көкшетауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +18...+20 °C. Топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10 °C, күндіз +23...+25 °C.
Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +20...+22 °C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12 °C, күндіз +23...+25 °C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +18...+20 °C болады. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Петропавлда күн ала бұлтты. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +2...+7 °C, күндіз +19...+21 °C. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +18...+20 °C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +25...+27 °C.
Таразда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+12 °C, күндіз +21...+23 °C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 °C, күндіз +22...+24 °C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +19...+21 °C.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +17...+19 °C болады. Топырақ бетінде 4 градусқа дейін үсік жүреді.