Теңге күннен күнге нығайып келеді: 28 қыркүйекке арналған доллардың ресми бағамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 441,77 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,23 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 28 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы 441,88 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 439,5 теңге, сатылымы – 441,55 теңге.

Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 437,14 теңгеден сатып алып, 444,12 теңгеден сатып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау пунктерінде доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 440,31 теңге, ал сату бағамы 442,38 теңге болып отыр.