Қазақстандық гимнастар Азия ойындарының финалына жолдама алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Еліміздің намысын қорғаған екі спортшы да жоғары нәтиже көрсетті

Фото: Olympic.kz

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еліміздің намысын қорғаған екі спортшы да жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Іріктеу кезеңінде Роман Барков 56,64 ұпай жинап, жалпы есепте 6-орынмен финалға өтті. Ал Ерлан Тасмағамбетов 54,93 ұпай еншілеп, іріктеу кезеңін 7-орынмен аяқтады.

Екі қазақстандық гимнаст та жүлде сарапқа салынатын ақтық сында өнер көрсетеді. Финалдық сайыс қорытындысы бойынша медальдар жиынтығы мен суперфиналға өтетін үздік спортшылар анықталады.