Әкімдік жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды
Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде Қарталы көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 6-20 тамыз аралығында осы учаскедегі қозғалысты жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.