27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ел бойынша желдің күшеюі байқалып, оңтүстік өңірлерде күндіз шаңды дауыл соғады

Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері жексенбі, 27 қыркүйек күні еліміздің басым бөлігінде ауа райының күрт суытуына байланысты қауіпті құбылыстар күтілетінін ескертеді. Антициклон әсерінен республика өңірлерінің басым бөлігінде негізінен жауын-шышынсыз ауа райы болжанғанымен, түнде бірқатар облыста температура төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай облыстарының кей жерлерінде және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 2–3 градусқа дейін, ал Қарағанды облысының шығысында топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Сонымен қатар, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жаууы ықтимал. Ел бойынша желдің күшеюі байқалып, оңтүстік өңірлерде күндіз шаңды дауыл тұрады. Сондай-ақ түнде және таңертеңгі уақытта бірқатар өңірде тұман түсуі күтілуде.