Ұлттық банктің 25 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 441,88 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,02 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 25 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы 441,89 теңгені құрайды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 442,09 теңге, сату бағамы – 444,25 теңге.
Астананың айырбастау пунктері долларды орта есеппен 439,98 теңгеден сатып алып, 446,98 теңгеден сатып жатыр.
Шымкентте доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 442,06 теңге, сату бағамы 444,15 теңге.