«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына алғашқы қар жауды
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қар кеше кешкісін және түнде жауған. Видео Threads әлеуметтік желісінде жарияланды.
«Шымбұлақта алғашқы қар», – делінген видео сипаттамасында.
Айта кетейік, кеше, 24 қыркүйекте, Алматыда түстен кейін жаңбыр жауады деп болжанған. Түнде ауа температурасы +12…+14 °C, күндіз +20…+22 °C болды.
Бүгін, 25 қыркүйекте, түнде жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Ауа температурасы +12…+14 °C болады. Күндіз ауа температурасы +20…+22 °C-қа дейін көтеріледі, түстен кейін жаңбыр жаууы мүмкін.