Қазақстанда 25 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Автор: Алмас Ерсін

25 қыркүйекте еліміздің солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, батыс пен оңтүстікте жылы ауа райы сақталады

Фото: istockphoto.com

25 қыркүйекте Қазақстанда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында кей жерлерде жаңбыр жауады, ал батыс пен оңтүстікте жылы ауа райы сақталады. Жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел және басқа да қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, жел екпінді болады. Түнде ауа температурасы +7...+9 °C, күндіз +13...+15 °C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +12...+14 °C, күндіз +23...+25 °C.

Ақтөбеде ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8...+10 °C, күндіз +21...+23 °C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +19...+21 °C, күндіз +28...+30 °C.

Атырауда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +14...+16 °C, күндіз +26...+28 °C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз жел екпінді болады. Түнде +10...+12 °C, күндіз +20...+22 °C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +6...+8 °C, күндіз +15...+17 °C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, күндіз жел екпінді болады. Түнде +6...+8 °C, күндіз +13...+15 °C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11...+13 °C, күндіз +24...+26 °C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7 °C, күндіз +17...+19 °C.

Қызылордада бұлт аз, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпінді болады. Түнде +12...+14 °C, күндіз +26...+28 °C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде +8...+10 °C, күндіз +15...+17 °C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел екпінді болады. Түнде +5...+7 °C, күндіз +14...+16 °C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8...+10 °C, күндіз +18...+20 °C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2...+4 °C, күндіз +21...+23 °C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10...+12 °C, күндіз +25...+27 °C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді болады. Түнде +12...+14 °C, күндіз +25...+27 °C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11 °C, күндіз +25...+27 °C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +4...+6 °C, күндіз +18...+20 °C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +12...+14 °C, күндіз +25...+27 °C.