Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Соңғы ақпаратқа сәйкес, 12 адам қаза болған

Фото: Lada.kz

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

 «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қарулы күштердің жеке құрамы Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің 24 қыркүйек күні оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерінің тізімі:

  1. аға лейтенант Мұқтарұлы Олжас
  2. м/к матрос Аяпберген Сержан Талғатұлы
  3. м/к матрос Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы
  4. м/к матрос Көбенов Алмас Жүсіпұлы
  5. м/к матрос Төлеген Ақылбек Қабденұлы
  6. м/к матрос Темірғалиев Жеңіс Тлеуұлы
  7. м/к матрос Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы
  8. м/к матрос Жаңабай Өсет Саматұлы
  9. м/к матрос Мәдіхан Азамат Болатбекұлы
  10. м/к матрос Бегей Дастан Нұрболұлы
  11. м/к матрос Гилаж Ақжайық Болатбекұлы
  12. м/к матрос Диханбаев Олжас Тәжібайұлы

Еске салайық, бүгін, 24 қыркүйек күні Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 19 сарбазды теңіз алып кеткен. Өкінішке қарай, қазіргі сәтке дейін олардың 12-сі мерт болғаны белгілі. Үш сарбаз жағаға шығып үлгерген, оның біреуі ауруханаға түсті. 

Үкімет оқиға орнына вице-премьер Қанат Бозымбаевты жіберді.